Жаңалықтар

Оқулықтардағы қайта шығарудан ел экономикасына 16 миллиард теңге шығын келген

The final spritzer

Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді.

Аудит нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткенЖоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Талқылауға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, министрліктердің жауапты лауазымды тұлғалары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

2019 жылдан бергі кезеңді қамтыған аудиторлық іс-шараның қорытындысына сәйкес, Қазақстанда мектептер саны тұрақты өсіп келеді. 2023-2024 оқу жылында олардың саны 7,8 мыңнан асқан. Оқушылар мен оқытушылар саны да артып келеді. Бұл елдегі білім берудің қолжетімділігін көрсетеді.

Білім беру стандарттары саласындағы реформалар жүйелі жүргізілмейді. Оқу жоспарларындағы жиі өзгерістер шығарылып қойған оқулықтарды қайта қарауға және бюджеттің тиімсіз шығыстарына әкеледі. Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан экономикалық шығындар 16 млрд теңгеден асқан.

Жалпы мемлекеттік аудит барысында 1,1 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 62,4 млрд теңгеге қаражат пен ресурстарды тиімсіз жоспарлау, 3,2 млрд теңгені тиімсіз пайдалану анықталған.