"Оқушыға ұрысып, итеріп жіберген": Алматы облысында мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды
"Оқушыға ұрысып, итеріп жіберген": Алматы облысында мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысында баланы итеріп жіберген жекеменшік мектептің мұғаліміне қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Талғарда оқушыны итеріп жіберген "Cosmo" жекеменшік мектебінің мұғаліміне қылмыстық іс қозғалды. Білім басқармасының мәліметінше, оқиға осы жылдың қазан айында болған. Оқушының ата-аналары құқық қорғау органдарына шағымданды. Мұғалім қызметінен босатылды. Тергеу жүргізілуде.