Жаңалықтар

Оқушылар арасында «ит адамдар» көбейіп барады (ВИДЕО)

The final spritzer

Квадробика Қазақстанға да жетті

Елімізде жануарларша өмір сүретін жасөсірімдер көбейген. Әсіресе, мұндай көріністі Алматы, Астана секілді мегаполистерден жиі кездестіруге болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

24kz_tv таратқан видеодан Алматы қаласының тұрғыны, 5 сынып оқушысы Вероника есімді жасөсірімнің бетіне иттің бетпердесін тағып, төрт тағандап, итше үріп, саябақта әпкесімен серуендеп жүргенін көруге болады.

Вероника итше өмір сүруді 4 айдан бері әдетке айналдырған. Верониканың өзі де, жықындары да мұны психологиялық ауытқу емес, жай ғана хобби деп санайды.

Вероника квадробика туралы  «Тик-ток» әлеуметтік желісінен көргенін, содан бері құрбысы екеуі  мұны ермекке айналдырғанын айтады.