бейсенбі, 12 наурыз, 2026 19:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
Фото: shutterstock
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

19-29 наурыз аралығында оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрліктің мәліметінше, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.

Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлестіріліп, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан», «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады. Сонымен қатар дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына да атсалысады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі қауіпсіздік шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар