Оқушылар мектептен кеш қайтады: сабақ уақытын қысқартуға бола ма?
Қауіпсіздікпен қатар, білім сапасы да сақталуы шарт
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сабақтан кеш шығатын балалардың сабағын қысқартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Halyq Uni.сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, екі ауысымда оқитын мектептерде сабақ уақытын қысқартуға болмайды. Білім басқармалары сабақты тек ыңғайлы уақытқа қоя алады. Ал үш ауысымдық мектепте сабақ уақытын қысқартуға рұқсат беріледі. Мәселен, Павлодардағы 7 мектепте 40 минуттық сабақ өткізуге рұқсат беріледі. Бірақ артынан қысқартылған уақыттың өтелуі шарт.
Осы орайда ол екінші ауысымнан кейін қараңғы тез түсетін аймақтарды да білетінін жеткізді.