бейсенбі, 3 қазан, 2024 18:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқушылардың демалысы екі аптаға қысқаруы мүмкін

Оқушылардың демалысы екі аптаға қысқаруы мүмкін
ашық дереккөзі
Оқушылардың демалысы екі аптаға қысқаруы мүмкін
Мектеп оқушыларының демалысы екі аптаға қысқаруы мүмкін 2022-2023 оқу жылында мектептерге қосымша екі оқу аптасы қосылды. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. «Ол бір күн ішіндегі сабақтар санын қысқартуға, күрделі тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, бес күндік оқу аптасын іске асыруға мүмкіндік береді», - делінген Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің бұйрығында. 1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: күзгі каникул - 7 күн (31 қазан-6 қараша); қысқы каникул - 9 күн (31 желтоқсан-8 қаңтар); көктемгі каникул - 9 күн (18-26 наурыз аралығы); 1-сынып оқушылары үшін қосымша каникул - 6-12 ақпан аралығы.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар