сейсенбі, 1 қазан, 2024 4:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқушының үлкен өлшемді мектеп формасы ауыстырылып берілді – Жетісу әкімдігі

Оқушының үлкен өлшемді мектеп формасы ауыстырылып берілді – Жетісу әкімдігі
ашық дереккөзі
Оқушының үлкен өлшемді мектеп формасы ауыстырылып берілді – Жетісу әкімдігі
Жетісу облысы білім басқармасы оқушыға берілген үлкен размердегі мектеп формасын ауыстырып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты. Бұған дейін оқушының анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қызына берілген мектеп форманың шамадан тыс үлкен екендігіне шағымданған еді. Осы жайтқа байланысты Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме беріп, бұғаған жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс берілгенін жеткізді. «Кербулақ ауданы Нұрым ауылының 4 сынып оқушысы жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімінде болмаған. Анасының өтінішіне байланысты мектеп формасы берілген, оқушыға өлшемі үлкен болған. Бүгінде форма ауыстырып берілді. Орын алған жағдайға жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар