Оқырман таңдауы: Халыққа жақын аудан әкімі кім?
Оқырман таңдауы: Халыққа жақын аудан әкімі кім?
Осыдан 5 күн бұрын "Jambyl-info" ақпарат агенттігі әлеуметтік желілерде «Халыққа жақын аудан әкімі» байқауын жариялаған болатын. Дауыс беруге 4 мыңға жуық оқырман қатысты. Бүгін дауыс беру тоқтатылып, көпшіліктің ықыласына ие болған 3 аудан әкімі анықталды. Халық таңдауы төмендегідей: 1.Бегзат Болатбеков-Қордай ауданының әкімі - 712 дауыс; 2.Ерлан Қыдыралыұлы-Жамбыл ауданының әкімі- 455 дауыс; 3. Әлихан Балқыбеков -Мойынқұм ауданының әкімі- 362 дауыс. Айта кетейік, Бегзат Болатбеков Қордай ауданының әкімі болып сайланғанына 1 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайында оң өзгерістер байқалған. Мәселен, Қордай ауданында 2023 жылғы 10 айында жалпы өңірлік өнім 140,6 млрд. теңгені құрады. Ал, агроөнеркәсіп кешені саласында есепті кезеңге 2,3 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба іске қосылып, 50 жұмыс орны ашылған.Өнеркәсіп саласында 1,7 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба іске қосылып, 136 жұмыс орны ашылды. 2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспардағы 10,9 млрд. теңге, түскені 11,8 млрд. теңге немесе 108,7 %-ға орындалып, 947,6 млн.теңге артық түскен.