дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданының индустриалды аймағындағы жобалармен танысты

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданының индустриалды аймағындағы жобалармен танысты
Jambylinfo.kz
Мұнда 2023-2025 жылдары 3 өндіріс орны іске асырылады

Ербол Қарашөкеев идустриалды аймақта салынып жатқан зауыттардың басшылық өкілдерімен кездесті , деп хабарлайды jambylinfo.kz
Талас ауданында құрылған индустриалды аймақта облыс әкімі «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС-нің жобасымен танысты. Серіктестіктің бас директорының айтуынша, зауыт жылына 15 мың тонна натрий ционидін өндіреді. Өндіріс қуатын жылына 30 мың тоннаға дейін жеткізу үшін зауыттың екінші кезеңінің құрылысы басталған. Мерей Омаровтың сөзінше, 26 млрд-қа жуық қаржы қаралған бұл жоба келер жылы аяқталады. Дегенмен, индустриалды аймақта бірқатар қажеттілік барын жасырмады. Айталық, бүгінгі күні зауытқа мемлекеттік қолдау аясында газ, электр жарығы, қоректік және техникалық су, темір жол тұйығы керек.  Аймақ басшысы бұл мәселенің алдағы уақытта шешу жағы қарастырылатынын айтты. Жалпы, зауыт өндіретін натрий цианиді еліміздегі алтын өндіретін кәсіпорындарға қажет. Өндіріс орны басшылығының сөзінше, мұнда қосымша аммоний сульфаты өндіріледі.

Екінші өніміміз аммоний сульфаты. Бұл бізде қосымша өнім болып саналады. Өйткені ол технологиялық процесте пайда болады. Мұны ауыл шаруашлығына тыңайтқыш ретінде қолданады. Жалпы компанияда өндірілетін өнімнің жылдық қуаты 15 мың тонна натрий цианиді мен 5 мың тонна аммоний сульфаты өндіріледі. Бүгінгі таңда біз зауыттағы ай сайынғы өндірілетін 1мың тонна натрий цианидін 1200 тоннаға жеткізе аламыз,-деді компания басшысы.

Сондай-ақ индустриалды аймақта «ASIACHEM» фосфор тыңайтқышын өндіретін зауытының инфрақұрылымы мен зауыттың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Зауыт өндіріске сақадай сай болса, жылына 150,0 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіреді.

Ал, «KARATAU CHEMICALS» пиросульфит өңдеу зауытының құрылысы аяқталу сатысында . Облыс әкіміне  өндіріс орнының мүмкіндіктері баяндалды . Атап айтқанда зауыт жылына 25,0 мың тонна пиросульфитнатрий шығарады. Мұнда тартылған инвестиция құны 2,8 млрд теңге. Таластағы индустриалды аймақта іске асырылып жатқан жобалармен танысқан Ербол Қарашөкеев жергілікті мердігерлерді тартып, тағы да жаңа жобаларды жасау керектігін айтты. Мәселен,«Karatau Chemicals» ЖШС-нің бас директордың бірінші орынбасары Рахим Эргюн өңірге жаңа 5 жоба алып келген.

Көбінесе мынау жергілікті мердігерлерді тартып, кішігірім жобаларды жасау керексіздер. Түркияда осындай үлкен өндірістердің жанында кішігірім өндірістер пайда болады. Өткенде Yildirim Holding компаниясының бас директоры Исмаил Джейлан 10 жаңа жоба Жамбылға алып келді. Сіздің де жаңа жобаларыңызға көмек көрсететін боламыз,-деді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар