Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жамбылдық ұстаздарға құрмет көрсетті
5 қазан - мұғалімдердің кәсіби мерекесі
Ұстаздар күні мерекесіне орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Ұстаз – ұлы есім» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, мереке иелерін құттықтады.
Мерекелік іс-шара барысында аймақ басшысы білім беру саласында жемісті еңбек еткен бірқатар ұстаздар мен сала ардагерін марапаттады.
«Ерен еңбек иесі» медаліне тараздық ұстаздар Алмира Медеева мен Сая Қалданова ие болса, Оқу – ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ, 100 мың және 150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтармен бірқатар мұғалімдер мен тәрбиешілер және әдіскерлер марапатталды.
Сонымен қатар, ерекше форматта өткен жиынға мереке иелерін бейнеэкран арқылы Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов құттықтады.
Мерекелік іс-шара өнерпаз ұстаздар және
облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты мектеп олимпиадаларын өткізу және мектептен жетті тыс іс-шаралар өткізу орталығының оқушылары орындаған Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім»
патриоттық әнімен мәресіне жетті.