Жаңалықтар

Облыс әкімі "Primary Health Care" ұлттық қауымдастығының президенті, ДДҰ профессоры және сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесті

Облыс әкімі "Primary Health Care" ұлттық қауымдастығының президенті, ДДҰ профессоры және сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесті

Облыс әкімі "Primary Health Care" ұлттық қауымдастығының президенті, ДДҰ профессоры және сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесті. Басқосуда өңірдегі орташа өмір сүру жас ұзақтығын және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселесін талқыланды.. Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, жарақаттану мен жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітімді азайту, орташа өмір сүру жас ұзақтығын арттыру бойынша әлемдік тәжірибелер сараланды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың сегіз айында Жамбыл облысында ЖКО салдарынан 130 адам қаза тауып, 931 адам жарақат алған. Жазатайым оқиғалардың салдарынан балалар өлімі 8 жағдайды құраса (2022 жыл - 4 жағдай), ерлердің орташа өмір сүру жасы әйелдерден қарағанда 8 жасқа төмен. Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласында алға қойған міндеттері аясында облыстағы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында осы саладағы үздік әлемдік тәжірибені зерделеу және енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз.