Жаңалықтар

Облыс әкімі соңғы тағайындаулары туралы айтты

Облыс әкімі соңғы тағайындаулары туралы айтты

  Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бұқаралық ақпарт құралдары өкілдерімен өткен бүгінгі кездесуінде өзінің соңғы тағайындаулары туралы да айтып өтті. «Қоғам тарапынан көп көтерілетін әрі көпшіліктің көкейіндегі кадр мәселесіне тоқталып өткім келеді. Бұл тұрғыда біз «Меритократия» принципін нығайтуға баса мән берудеміз. Соңғы тағайындаулар соның айғағы!», - деді өңір басшысы. Мәселен облыс әкімінің орынбасарлығы мен Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы аудандарының әкімдері жас, жұмыста ысылған, аймақ азаматтары екендігін атап өтті. Ал меритократия бойынша соңғы үш айда облыстың жергілікті атқарушы органдарында лауазымдық өсу іскерлік қасиеттері негізге алынып,  төменгі лауазымдағы  55 мемлекеттік қызметші бос тұрған жоғары лауазымдарға орналасқан. Атап айтқанда, 4 жетекші маман бас маман, 26 бас маман  бөлім басшысы, бас инспектор, сектор меңгерушісі, 7 бас инспектор бөлім басшысы, 10 бөлім басшысы  аппарат басшысының орынбасары, басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары,  аппарат басшысы, округ әкімі,   1 орынбасар басқарма басшысы, 3 басқарма басшысы аудан әкімі лауазымдарына тағайындалған.