Жаңалықтар

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Комиссия отырысы барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Байболат баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жұмыстарының 9 айдағы қорытындысы туралы тоқталып өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша баяндама жасап, анықталған тәуекелдерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар айтып өтті. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру бойынша хаттамалық тапсырмалар берді. Аким области поручил усилить меры предупреждения и профилактики коррупции Аким Жамбылской области Ербол Карашукеев провел заседание межведомственной комиссии по противодействию коррупции. В ходе заседания с докладом об итогах работы по противодействию и профилактике коррупции в местных исполнительных органах за 9 месяцев текущего года выступил заместитель руководителя аппарата акима области Ерлан Байболат. Первый заместитель руководителя департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Жамбылской области Даурен Омаров выступил с докладом по результатам проведенного внешнего анализа коррупционных рисков в деятельности местных исполнительных органов и озвучил ряд предложений по устранению выявленных рисков. Аким области Ербол Карашукеев дал протокольные поручения по качественной реализации Концепции антикоррупционной политики Республики Казахстан на 2022-2026 годы, формированию антикоррупционной культуры, качественному осуществлению работы по искоринению бытовой коррупции в сфере образования и здравоохранения, усиление конкретных мер по устранению коррупционных рисков в деятельности местных исполнительных органов.