жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі Жаңатастағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Облыс әкімі Жаңатастағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
ашық дереккөзі
Облыс әкімі Жаңатастағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, қарлы дауылдан кейінгі жағдаймен танысты. Аймақ басшысы алдымен «ЖаңатаСуЖылу» МКК қалыпқа келтіру жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ, қатты желден құлаған электр бағаналарын көріп, оларды жөндеу боййынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. Д.Қонаев атындағы орта мектебінде болған облыс әкімі қаладағы екі-үш оқу ордасын жылытуға барынша көңіл бөлу керектігін баса айтты. Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Бұл мектептер жылыту пунктері  ретінде дайын тұруы маңызды. «Шахан» қосалқы станциясына барған Нұржан Нұржігітов қаланы ең алдымен электр энергиясына қосу керектігін жеткізді. Қазіргі кезде электр желілерін реттеу жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылған. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды 2-3 сағатта аяқтауды тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар