Жаңалықтар
ОБЛЫСТА ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ 316 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
- авторjambylinfo.kz
- 1 шілде, 2022
- 261
ОБЛЫСТА ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ 316 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
«Жамбыл облысында 2022 жылдың 5 айында жіті ішек инфекциясының 316 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 272 жағдай (86%). 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% төмендеу байқалады (барлығы 351 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 311 жағдай). Дегенменде, жаз айларынла ЖІИ көбею жағдайлары болатыны белгілілі. Оның басты себептері: жеке гигиенаның негізгі ережелерін сақтамау, күннің ысуы, жеміс-жидектің көбеюі, шомылу маусымының басталуы, -деп хабарлады Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Сондай-ақ, аталған мекеме дәрігерлерлері қазіргі қолайсыз ауа-райы жағдайында қандай сақтық шараларын ұстану қажеттігін де баяндады.
«Аптап ыстық кезінде таңертең үйден шығар алдында душ қабылдау керек. Суы салқындау, денеңізге қолайлы температурада болуы қажет. Ауа-райына сәйкес киіну, яғни ашық түсті, жеңіл, кең тұратын және ауа өткізетін матадан тігілген киімдер киген жөн. Тар немесе тырысып тұратын, қара түсті киімдерді таңдамаған абзал! Серуендеу үшін таңертеңгі 10-ға дейінгі және күндізгі 17:00-ден кейінгі қауіпсіз уақытты таңдаған дұрыс. Күннің қатты ыситын кезеңі – сағат 11:00 - 17:00 аралығы. Егер осы кезеңде көшеге шығу қажет болса, онда жолдың көлеңке жағымен жүрген дұрыс. Ашық жерде екі сағаттан артық жүрер болса адам басынан күн өтіп кетуі мүмкін. Жеңіл тамақтанып, сусын таңдағанда қарапайым су немесе жеміс сусыны мен компот ішкен дұрыс»,- деді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев 70 жаста
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024