сейсенбі, 1 қазан, 2024 2:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыстық Филармония ұжымы Республика күніне орай Морокко корольдігі Рабат қаласында концерт берді

Облыстық Филармония ұжымы Республика күніне орай Морокко корольдігі Рабат қаласында концерт берді
ашық дереккөзі
Облыстық Филармония ұжымы Республика күніне орай Морокко корольдігі Рабат қаласында концерт берді
Еліміздің ұлттық мейрамы – Республика күні Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен Рабат қаласында аталып өтті. Салтанатты жиында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістері өнер көрсетіп, қазақстандық өнерпаздардың ұлттық сарындағы қойылымдары ерекше қошеметке бөленді. Салтанатты қабылдауға марокколық Парламент мүшелері, мемлекеттік мекемелер, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, БАҚ пен іскер топтар және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Салтанатты қабылдаудың құрметті қонағы болған Марокко Корольдігінің Жоғары білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар министрі Абделлатиф Мирауи Марокко Үкіметінің атынан барша қазақстандықтарды ұлттық мейраммен құттықтады. Министр Қазақстан мен Марокко арасындағы қарым-қатынастар бауырлас халықтардың игілігі үшін әрі қарай дами беруін тіледі. Өз сөзінде, Елші С.Сайлауқызы елімздің бастамасымен өткен тарихи маңызы бар халықаралық іс-шараларды, Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан мен Марокко арасындағы ынтымақтастықтың даму бағыттарын атап өтті. Айта кетейік, Филармония әртістері 26 қазанда Марокко Королі Мұхаммед VI патронажындағы мүмкіндіктері шектеулі жастарды өмірге бейімдеу және жұмыспен қамтамасыздандыру орталығының балалары үшін қамқорлық концертін өткізуі жоспарлап отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар