жұма, 22 қараша, 2024 13:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Олардың қалауы – Алматының жақсы районынан, үлкен үй алу»: Журналист Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты тың дерек айтты

«Олардың қалауы – Алматының жақсы районынан, үлкен үй алу»: Журналист  Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты тың дерек айтты
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Ася Асеткинаның жазуынша, Халық Әртісі мен оның жас жұбайына әкімдік пен меценаттар бірнеше рет баспана сыйлаған

Әлеуметтік желіде әнші Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тарап кетті. Осыған байланысты бірқатар азаматтар Халық әртісін қолдап, желіде жазба жарияланған болатын. Ал журналист Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған постын өшіргенін айтты. 

"Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. 
Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы районынан, үлкен үй алу екен. 
Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын", - деп жазды ол facebook-тегі парақшасына. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар