Жаңалықтар

«Олардың қалауы – Алматының жақсы районынан, үлкен үй алу»: Журналист Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты тың дерек айтты

Ася Асеткинаның жазуынша, Халық Әртісі мен оның жас жұбайына әкімдік пен меценаттар бірнеше рет баспана сыйлаған

Әлеуметтік желіде әнші Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тарап кетті. Осыған байланысты бірқатар азаматтар Халық әртісін қолдап, желіде жазба жарияланған болатын. Ал журналист Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған постын өшіргенін айтты.