Жаңалықтар

Олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен оқушылар жол апатынан көз жұмды

Олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен оқушылар жол апатынан көз жұмды

Бүгін таңертең Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды. Жол апатынан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне бара жатқан екі оқушы мен мұғалім көз жұмды. Toyota Alphard автокөлігі мен Volvo жүк көлігі Құрылыс ауылының маңындағы Самара-Шымкент автожолында соқтығысқан. Полиция мән-жайды анықтауға кірісті. Еске салсақ, былтыр Ақтөбеде өтетін волейбол жарысына келе жатқан Темір ауданының 9 оқушысы жол апатына түсіп, салдарынан 7-сынып оқушысы жан тәсілім еткен еді. Иманды болсын! Ақпарат дереккөзі: ZTB.KZ инста парақшасынан