Жаңалықтар

«Олимпиадалық дипломатия» немесе Президент Қытай еліне қалай барып қайтты

«Олимпиадалық дипломатия» немесе Президент Қытай еліне қалай барып қайтты

«Egemen Qazaqstan» газетінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған жұмыс сапарының бейресми тұстары туралы мақаласы шықты. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір-екі күн бұрын XXIV қысқы Олимпия ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барып келді. Бұл – Мемлекет басшысының биылғы шетелге жасаған бірінші сапары. Осы жаһандық спорт додасы Қытайдың ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келді. Мұның символдық мәні зор. Қытай халқы Барыс жылын үлкен қошеметпен қарсы алды. Қазақстан Президентімен қатар Қытай астанасына 30-дан астам мемлекеттің бас­шылары мен үкімет жетекшілері, корольдер отбасыларының мүшелері мен ха­лықаралық ұйымдардың жетекшілері келді.