сейсенбі, 2 шілде, 2024 20:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарлары жоспарланған

Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарлары жоспарланған
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов. Фото - primeminister.kz
Наурыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарлары жоспарланған, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

"Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды",- делінген хабарламада

 Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар