жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты
Сурет ашық дерекөзден алынды
Өнер иесі осыдан 10 күн бұрын қамауға алынған болатын

Бостандыққа шыққан әнші желідегі парақшасына видео жариялап, жазба қалдырған, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

«Күйін кештім мен бүгін! Көкбөрілердің жаралы. Адым сайын аңдыған Қақпаннан сирақ қанады. Арландарым атылып Бөртелер кезді даланы, Айналамның барлығы Шибөрі болып барады. Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің бостандыққа шыққанына қуанып, ақжарма тілектерін ақтарды.

Сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы да әншіге қолдау білдірген.

«Әбекем, сен мықты болған соң ғана берілген сынақ қой. Сен сынаққа сынбайтын, ешқашан тынбайтын еңбекқор жігітсің. Әр қазақ менің көзіммен қараса екен әр қазақ баласына!», -деп жұбатқан ол әншіні. 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар