Қонаевта психотропты есірткі затын тасымалдаған ер адам ұсталды
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қонаев қаласының полиция қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде Chevrolet Nexia автокөлігін тоқтатты.
Көлікті басқарған 28 жастағы ер адамның күмәнді әрекеттері полицейлердің назарын аударып, көлікке тексеру жүргізілді.
Полиция психотроптық заттар есірткінің ауыр түрлеріне жататынын, адам ағзасына зиянды әсер ететінін және қоғам денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салады.
.