OpenAI Қазақстанда Google салығын төлейді

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді
ChatGPT жүйесін жасаған OpenAI компаниясы Қазақстанда шартты түрде тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді бұл америкалық компанияға 2022 жылдан бері қолданылып келе жатқан Google салығы салынатын болады.
ChatGPT – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін чат-бот. Ол GPT тілдік үлгісіне сүйеніп, мол мәтіндік деректер арқылы оқытылған. Бұл жүйе сұрақтарды түсініп, нақты да мазмұнды жауаптар бере алады; аударма, хат жазу, код жазу, оқуға көмектесу және басқа да көптеген істе қолданылады. ChatGPT-ті виртуалды көмекші, кеңесші, әңгімелесуші немесе шығармашылық пен жұмыс құралы ретінде пайдалануға болады.
Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс процестеріне жасанды интеллект құралдарын енгізуді көздейтін AI Qyzmet бағдарламасының іске қосылғанын хабарлаған болатын.