Қорғаныс министрлігі: Әскерге барудан жалтарғандарды полицияның көмегімен жеткіземіз

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскерге шақырту жасындағы азаматтарға қатысты жүргізіліп жатқан рейдтерге түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде тарағандай, кейбір азаматтар күштеп әскери комиссариатқа жеткізілуде. Осыған қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрліктің өкілдерінің айтуынша, азаматтар әскери комиссариатқа жеткізілген соң, оны шақыруға жататыны немесе жатпайтыны сол жерде анықталады. Егер еш негіз болмаса – ол үйіне жіберіледі. Ал егер шақырылуға тиіс болса, заңға сәйкес медициналық тексеруден өткізіліп, тиісті рәсімдер жалғасады.
Сонымен қатар министрлік әскерге шақыртудан жалтарғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Азаматтарды заңды сақтауға және жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды.