Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы шекара бекетінде өз-өзіне қол салған 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады.
Сонымен бірге ведомство Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарының қатарына шақырылған ел азаматтары Қарулы Күштердің бөлімшелерінде ғана емес, Ұлттық ұланның (ІІМ), ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімшелерінде де қызмет атқаратынын ескертті. Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Жамбылдағы шекара бекетінде қаза тапқан сарбаз өліміне қатысты деректерді жария еткен адвокат Сержан Пралиев жауапқа тартылуы мүмкін екенін хабарлады. Адвокат бес адам арақ ішкенін мәлімдеп, сарбаз өлімне қатысты тың мәліметтерді жариялаған болатын.