Қорқынышты сейілту құралы
Бар әлем ауыр күндерді бастан өткеріп жатыр. Көзге көрінбейтін соғыс еш елді назардан тыс қалдырмады. Қаншама жандар мезгілсіз өмірмен қош айтысты.
Бос мектептер мен қаңыраған ғимараттарды қоспағанда, бос тұрған ойын алаңдары, тербелмеген алтыбақан, айналмаған әткеншек жаныңды құлазытатын көріністер еді. Бұл өмірдің мәні – сәбилердің шат күлкісі, мектепке асыққан балалардың қозғалысы екен ғой! Мынау әлем адамдармен, көшелер балалармен көрікті екенін бізге былтырғы карантиндегі күндер ұғындырды.
Юрий Серебрянскийдің әдебиетке деген қызығушылығы кішкентайынан басталған. Ол қолына алған кітапты оқып қана қоймай, әр тақырып төңірегінде өрелі ой-тұжырым жасап отыратын. Қиялы да ұшқыр болып, ер жетті. Жиырма жасынан бастап әртүрлі жанрда қалам сілтей бастаған. Алайда, мамандығы жазушылықтан алшақтау еді. Бірнеше жыл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігінде, БҰҰ даму бағдарламаларында халықаралық экологиялық заңнаманың сарапшысы ретінде жұмыс істеді.
Кейін жеке кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған. Кәсіпкерлікпен қатар, қолына қаламын қайта алған. Шығармашылыққа шындап кіріспес бұрынОльга Маркованың жетекшілігіндегі «Мусагет» қоғамдық қорының әдеби курстарында білімін жетілдірген. Білім демекші, Польшаның Ольштын қаласындағы Варминск-Мазур университетін мәдениеттанушы, мәдениетаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған. Оның таланты Ресейде, Қазақстанда, Польшада бірнеше рет мойындалып, көптеген марапатқа ие болған.
Айта кетсек, «Книга о вкусной и здоровой казахстанской литературе» атты кітабы биыл «Бір ел – бір кітап» акциясының тізіміне енді. «Destination. Дорожная пастораль» повесі Абай атындағы ҚазҰПУ филология курсының оқыту бағдарламасына енгізілген. Ал «Пражаки» повесі оқушылардың орыс тілінен ашық халықаралық олимпиадасы бағдарламасында пайдаланылған.
– Мен инженер-геологтардың отбасысында дүниеге келдім. Кітапты бас алмай оқыдым десем, артық айтпаймын. Өсе келе жазуға талпындым. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін химик-эколог мамандығы бойынша бітіріп, біраз уақыт өз саламда еңбек еттім. Шынын айтқанда, түкке пайдасы жоқ қағаз жұмыстары уақытымды ұрлап жатқандай көрінді. Мен үшін әр минут маңызды. Өлшеп берілген алтын уақытты пайдасыз іске жұмсағым келмеді. Сондықтан да жаным сүйетін жұмыспен айналысуға бел будым, – деп ағынан жарылды Юрий Серебрянский.
Жазған сайын қызметі де осы салаға ойыса бастаған. 2012 жылдан бастап Қазақстандағы поляк диаспорасының «Ałmatyński Kurier Polonijny» журналының редакторы қызметіне тұрып, Қазақстан, Ресей және Польшадағы басылымдармен ынтымақтаса бастаған. Тәжірибесі толысқан соң екі жылдай Алматыдағы ашық әдебиет мектебінде оқытушы болып жұмыс істеді.
Прозашы және ақын ретінде шығармалары «Простор», «Книголюб», «Дружба народов», «Знамя», «Воздух», «День и ночь», «Новая юность», «Пролог», «Юность», «Новая реальность» сынды әдеби журналдарда жарияланып тұрады.
2013 жылы Юрий Серебрянский «Fashion TV Award» халықаралық марапатына ұсынылып, жеңімпаз болғанын да айтуға болады. Алайда, кейбір деректерде Ю. Серебрянский поляк жазушы деп таныстырылып жүр. Польшалықтардың да сүйікті жазушысы екені белгілі, бірақ кіндігі Қазақстанға байланған. Тіпті «Прагаки» повесін Польшада жазғанымен, ол – Қазақстан туралы шығарма.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала суға батып кетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024