Жаңалықтар

Қорағаты ауылдық округінің әкімі БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді

Қорағаты ауылдық округінің әкімі БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді

Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қорағаты ауылдық округінің әкімі Әділ Диханбаев баспасөз конференциясын өткізді.    

Бүгінгі таңға Қорағаты ауылдық округінде тұратын халық саны – 2832 адам, Мойынқұм – 2062, Жиенбет – 474, Еңбек – 296, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 1604 немесе 56% құрап отыр. Сайлаушылар саны – 1598, көп балалылар – 63, зейнеткерлер – 275, мүгедектер – 45, еңбек ардагерлері – 14, жұмыссыздар -6 . Округ бойынша аула саны – 508, Мойынқұм ауылында – 368, Жиенбет ауылында – 87, Еңбек ауылында – 53.  Жергілікті ұлт өкілдері 60 пайызды және басқа ұлт өкілдері 40 пайызды құрайды.

Р\с Ұлт өкілдері Саны (адам)
1 Қазақ 1702
2 Орыс 7
3 Татар 5
4 Әзірбайжан 1031
5 Өзбек 6
7 Ұйғыр 18
8 Қырғыз 2
9 Күрді 12
10 Түрік 3
11 Басқа да ұлттар 46
Барлығы 2832

«Ауыл бюджеті 2023 жылы 64,4 млн.теңгені құрады, аудандық трансферт – 57,9 млн.теңгені құрайды», дейді ауыл әкімі Әділ Диханбаев. Округ аумағында 1–орта мектеп, 1–негізгі мектеп, 1–бастауыш  мектеп,  1–дәрігерлік амбулатория, 2–дәрігерлік пункт, 1–пошта байланысы, 1-мұсылман  мешіті, 1–учаскелік полиция бөлімшесі, 1–кітапхана халыққа қызмет етеді.

  Денсаулық сақтау саласы бойынша келер болсақ, а

уылдық округ  бойынша  1  дәрігерлік амбулатория  және  2 дәрігерлік пункт  жұмыс  істейді. Барлығы толықтай медициналық қызметкерлерімен қамтылған. Мойынқұм дәрігерлік амбулаториясында 1-дәрігер, 1-фельдшер, 4- учаскелік медбике, 1-әлеуметтік жұмысшы, 1-акушер, 4-кіші қызметкер. Жиенбет фельдшерлік пунктінде 1-учаскелік медбике, 3-кіші қызметкер. Еңбекте 1-учаскелік медбике, 3-кіші қызметкер жұмыс істейді. Еңбек ауылындағы дәрігерлік пунк ескі сәйкестендірілген ғимаратта орналасқан болатын. 2022 жылы жаңа дәрігерлік пунк салынып, пайдалануға берілді.  width= Әкімнің айтуынша Мойынқұм дәрігерлік амбулаториясында ауруларды тасымалдауға арналған УАЗ автокөлігі бар. Бірақ ескірген жаңа көлік қажет және Жиенбет дәрігерлік пунктін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету қажет екен. 2022  жылы  3,265 млн  теңгеге тегін дәрі-дәрмектер беріліп, ем шаралары мен алдын ала егу (прививкалар) жоспар бойынша жүргізілген. Бала мен ана өлімін қысқарту мақсатында жүкті әйелдерді ерте мерзімде есепке алынып, денсаулықтары қадағалануда.

 Қорағаты ауылдық округі бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары мен жеке шаруа қожалықтарының өндірген өнімдеріне тоқталсақ:    

 
Ауыл шаруашылық өнімдерінің түрлері 2022 ж. 2023ж.
Егілген көлемі га. Орташа өнім цн/га.. Егілген көлемі га.  Орташа өнім цн/га..
Картоп 70 250 80 -
Күздік бидай 50 20 50 -
Арпа 550 17 650 -
Майлы дақылдар 300 20 150 -
Жүгері 300 65 450 -
Қызылша - - 60 -
Көкөніс 700 285 450 -
Бақша 430 292 400 -
Көп жылдық шөп 850 47         1000 -
басқалар
БАРЛЫҒЫ 3250   3290  
 

Ауылда тіркелген ауылшаруашылығы құрылымдардың саны 2022 жылы– 235 жеке шаруа қожалығы, «Ата-қоныс»  ЖШС, «Анар-1» өндірістік  кооперативі, «Нұр-Ару» және «Юсиф-Шу» ауылшаруашылық кооперативі   жұмыс істеуде.

Қорағаты ауылдық округі бойынша мал басы:

Мал басы:  2022 ж. 2023 ж. 2023 жылды 2022 жылмен салыстырғанда, %
Ірі қара, бас 2822 3561 38
Оның ішінде аналығы         1215          1235 2
Қой ешкі бас         12330        14135 14
Оның ішінде аналығы          4280        4280 0
Жылқы бас           445        348 -4.5
Оның ішінде аналығы 85         85 0
Шошқа бас            - - -
Оның ішінде аналығы - - -
Құс бас 6500 6805 3
Оның ішінде мекиені 1650 1650 0

  Ауыл шаруашылығы саласы бойынша малдарды бірдейлендіру бойынша 2022 жылы бірдейлендіру жоспары – 6300 бас, нақты орындалғаны - 6350 бас, мәліметтер компьютерлік базаға еңгізілген. Малдарға вакцинация жасау жоспары толығымен орындалған. Округ бойынша «Агро бизнес -2020» бағдарламасы арқылы 5 шаруа қожалық жаңа техникалар алып,егін және мал шарушылықтарын дамытуда.

Ауыл шаруашылық техникалар туралы

МТЗ – 80 тракторы – 34 дана; МТЗ - 95 - 2 дана; Т–40 тракторы – 4 дана; ДТ – 75 шынжырлы табанды – 1 дана ; Ешка комбайны – 3 дана; пресс падворщик (шөп тайлағыш) –10 дана; сеелка (тұқым сепкіш) - 4 дана. Жүк автокөліктері барлығы – 26, оның ішінде зил – 2, газ-53 – 15 басқалары – 6.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы  Мойынқұм  ауылының 3 көшелеріне атап  айтқанда: Қ.Рысқұлбеков,  С.Сейфуллин, Әл-Фараби көшелеріне асфальт  төсеу  жұмыстары  жүргізілді. Қаражат көлемі - 63,3  млн. теңге. Жиенбет ауылында  қуаттылығы 100 квт трансформатор орнатылды. Мойынқұм ауылының  орталық С.Шакіров және Әл-Фараби  көшелеріндегі түнгі  жарықтандыру  қалпына  келтірілді. Қаражат  көлемі 0,9 млн. теңге. Мойынқұм  ауылына замануи  кіші футбол  алаңшасы салынды. Қаражат көлемі – 15 млн. тг. Еңбек  және  Жиенбет  ауылдарына  Kcell  интернет  байланысы  орнатылды. Еңбек ауылына балалар ойнайтын шағын ойын алаңшасы орнатылды. Жоба құны – 3,0 млн. тг. Мойынқұм ауылына 2019 жылы ауыз-су жүргізілген. Бүгінгі күнге 231 ауламен келісім шарт жасалып 62,7 % сумен қамтылған. Мердігер мекеме Тараз қаласының “Жігер - 2004” ЖШС-гі. Қызмет құны - РБ-448,02 млн. тг. ЖБ-49,78 млн.тг. Еңбек және Жиенбет ауылдырына 2023-24 жылдары таза ауыз су тартылмақ. Газ мәселесі бойынша 2021 жылы округке қарасты үш ауылға табиғи газдың магистральды құбыры тартылған, 2022 жылы ішкі газ құбырларын тарту бойынша “Tabric Faiz” және “Строй Центр 968” ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жұмыстар басталған. Алайда, тұрғындар тарапынан қаржының жиналуы төмен болғандықтан, жұмыстар тоқтап тұр (әр үйге 350-400 мың теңгеге келісілген). Округ әкімінің сайлауалды бағдарламасы бойынша 2021 жылы  Мойынқұм ауылы  Қ.Рысқұлбеков  және  Т.Бокин көшелеріне түнгі  жарықтандыру  жұмыстарын жүргізу жұмыстары,  2022 жылы  Мойынқұм  ауылындағы Қ.Рысқұлбеков, С.Сейфуллин және Әл-Фараби көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу толығымен орындалды. Мойынқұм ауылында Өрт сөндіру бекеті мен жаңа балабақша ашылды.