Жаңалықтар

Орал қаласында алғашқы қар жауды

Орал қаласында алғашқы қар жауды

Қарашаның 1-іне қараған түні жауған қар толастар емес. Қазіргі кезде көшелер, ағаш-теректер, автокөліктер кәдімгідей қар жамылған. Температура тілі 0 градусты көрсетіп тұрғандықтан, қар еріп те жатыр. Кеше қалада жаңбыр жауса, бүгін қар алмастырды. Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері де осындай ауа райы орын алмақ. Жалпы, биыл өңірде күз жауын-шашынды болып тұр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орадда төрт қабатты тұрғын үй бой көтергенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Орал қаласында 29 аула абаттандырылды.