Жаңалықтар

Орал қаласындағы кафеде жарылыс болды: Құрбандар бар

Орал қаласындағы кафеде жарылыс болды: Құрбандар бар

Оқиға орнына 02:17 жеткен бірінші бөлімше екі қабатты «RIZYQ» дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 ш.м. аумағы қирап, 25 ш. м. аумақта өрт орын алғанын хабарлады.

Оқиға орнында №1 МӨСБ, № 2 МӨСБ, № 8 ӨСБ, № 5 ӨСБ, өрт сөндірудің кезекші қызметі, жеке құрамнан 39 адам және 13 техника бірлігі, жедел құтқару жасағынан құтқарушыларынан 8 адам және 2 техника. Жедел медициналық жәрдем бригадасы 18 адам, 6 бірлік техника, полиция департаментінен 28 адам,, 7 бірлік техника. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 02:40-та жойылды. Дереккөз: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті