Ашылу рәсіміне Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысты.
Бұл – облыс бойынша жұмысын бастаған 14-ші орталық, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Орталықта білім, денсаулық, полиция, прокуратура және жергілікті әкімдік өкілдерінен құралған мобильді топтар қызмет етеді. Олар қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетеді.
Мұнда шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, әйелдер тігіншілік пен аспаздық кәсібін үйрене алады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге орталықта бір ай тегін тұру мүмкіндігі қарастырылған.