Оралда сырғанақ тепкен қыздың бауыры езіліп, үш қабырғасы сынған
Оралда сырғанақ тепкен қыздың бауыры езіліп, үш қабырғасы сынған
Төбешіктен сырғанаған 17 жастағы қызға болатарқан тиген. Соққының қатты болғаны сонша, бауыры езіліп, үш бірдей қабырғасы сынған. Зардап шеккен қызға іштің жабық жарақаты, бауыры езілген, оң жақтағы 5, 6, 7 қабырғасы сынған деген диагноз қойылды. Бұл оқиға жекеменшік демалыс базасында болған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.