Соның ішінде «Ең үздік аула» акциясын айрықша атап өтуге болады.
Республикалық экологиялық акцияға белсенді қатысып, өз ауласын таза ұстай отырып, қоғамдық орындарға жасалған сенбілік жұмыстарына да қатысқан ауыл тұрғынын анықтау, игі ісін көпке үлгі ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, конкурсқа қатысушы аулаларды аралап шықты.
Талап бойынша, үй айналасын мұнтаздай етіп қана қоймай, көгалдандыру жұмыстарын аула сыртына да жасау маңызды болды. Тазалық жұмыстарын барлық талапқа сай орындап, азаматтық танытқан аула иесін табу аса қиындық туғызған жоқ.
«Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы арқылы Қордай ауылындағы өз ауласының тазалығымен қатар, қоғамдық орындардың да таза, көрікті болуына үлес қосуға ниетті тұрғындардың қатары көп екендігін байқадық. Бұл, әрине қуантарлық жағдай. Бүгінгі «Ең үздік» аула акциясының жеңімпазын анықтау аса күрделі іс болған жоқ,- деп атап өтті Қордай ауылының әкімі Ә.Қаспақбаев.
Арнайы құрылған комиссия мүшелері «Ең үздік аула» номинациясын Қордай ауылындағы Ю.Гагарин көшесі №19 үйдің тұрғыны Байшымыров Болар беріп, арнайы алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.
Бұл азамат жыл сайын көктемгі және күзгі абаттандыру айлықтарына белсене қатысып, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін осылай көрсетіп келе жатқан жан.
«Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде», демекші, ауланың тазалығына, көгалдандыру жұмыстарына баса назар аударамын. Мұны, балаларыма да үнемі айтып келемін. Қазір аулада көріп тұрған жеміс ағаштары мен гүлдерді баптауға немеремді үйретіп жүрмін. Ауылдың тазалығына әркім өз ауласын таза ұстау арқылы үлес қоса алады. Осыны барша жерлестеріміз, әсіресе жастар ұғынса дейміз. Өйткені, ауылына қарап азаматын таныған елміз. Ендеше, бұл жұмыстарға барша қордайлықтар жұмыла кірседі деген ойдамын», - деп, Болар ақсақал ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз