жұма, 30 мамыр, 2025 0:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордай ауданында табиғат аясындағы демалушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Қордай ауданында табиғат аясындағы демалушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қордай ауданында өрт қаупі жоғары кезеңге байланысты табиғат аясында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, полиция бөлімі және Орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің мамандары бірлесіп қатысты.

Рейд барысында мамандар демалушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, арнайы нұсқаулықтар таратты. Табиғи аумақтарда от жағуға, шоқты өшірмей кетуге, темекі тұқылын лақтыруға және отпен абайсыз әрекет жасауға қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті сақтау мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігі де айтылды.

Профилактикалық жұмыстармен қатар, заң бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар да қолданылды. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіледі. Негізгі мақсат — табиғи өрттердің алдын алу, тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар