Жаңалықтар

Қордайда бірнеше өндіріс кешені салынбақ

Қордайда мыс өндіру зауыты, құрамында алтын бар кенді өңдейтін өндіріс кешені, сүт фермасы, көкніс қоймасы, жел паркі салыну жоспарланып отыр.

Бұл туралы Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның сөзінше, ауданда жыл аяғына дейін «KORCEM» ЖШС-нің цемент зауыты пилоттық жобасы жұмысын бастайды. Бұл жоба индустриалды картадан тыс іске асып жатыр.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында өндіріс саласын дамытуды тапсырған еді.