жексенбі, 6 сәуір, 2025 23:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайда күрделі операция: Жатырдағы көлемді кистаға қарамастан өмірге сау бала келді

Қордайда күрделі операция: Жатырдағы көлемді кистаға қарамастан өмірге сау бала келді
Ашық дереккөз
Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылдың 10 ақпанында Кордай аудандық орталық ауруханасында ерекше медициналық оқиға орын алды. Гинекология және босану бөлімінің меңгерушісі Эльгама Хусеинова мен акушер-гинеколог Гүлжазира Біржанова бастаған дәрігерлер тобы жоспарлы кесар тілігі операциясын сәтті жүргізіп, жаңа өмірдің басталуына мүмкіндік жасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

39 апталық жүктілігі бар әйелдің жатырында ақауы болғанымен, операция сәтті өтіп, 4100 грамм салмақты дені сау нәресте дүниеге келді. Алайда, операция барысында ерекше жағдай байқалды: жүкті әйелдің аналық безінде 23×16 см көлеміндегі алып кистасы бар екені анықталды. Киста салмағы 1800 граммды құрады.

Ультрадыбыстық зерттеу кезінде киста көлемі шамамен 10 см деп болжанған болса да, жатырдың үлкен көлемі оның көрінуіне кедергі келтірген. Операция барысында анықталған бұл түзіліс ерекше құрылымға ие болып, қанмен қамтамасыз етіліп, аяқшасы бар, толыққанды ағза секілді қызмет атқарған. Кистаны алып тастау оңай болмады, өйткені оның көлемі мен бұрынғы отадан қалған қабаттар жағдайды қиындатты. Дегенмен, білікті мамандардың жоғары деңгейдегі шеберлігі мен тәжірибесі арқасында операция сәтті аяқталды. Киста толықтай алынып, гистологиялық зерттеу үшін жіберілді.

Бұл оқиға тек медициналық тұрғыдан маңызды ғана емес, сонымен қатар табиғаттың керемет үйлесімділігін де көрсетеді. Ірі ұрықты көтерген әйелдің денесінде мұндай көлемдегі түзіліс болғанына қарамастан, жүктілігін аман-есен өткізді. Қазіргі уақытта ана мен бала жақсы күйде, өмірдің жеңісін тойлап отыр.

Бұл оқиға Қордай аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерінің жоғары кәсібилігі мен адам өмірін сақтаудағы қажырлы еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар