жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайда құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының алғашқы сессия отырысы өтті

Қордайда құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының алғашқы сессия отырысы өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Айта кетейік, ауданда жергілікті халықтың татулығы мен тұрақтылығын нығайтуды мақсат тұтқан 8 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

 Өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайту жолындағы маңызды жиынға Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тоғыз жолдың торабында орналасқан аталған ауданда 30-ға тарта этнос тұрады. Бір шаңырақ астында топтасқан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі бекем, тірлігі берекелі.

Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін сессия жұмысын бастаған аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы өңірдегі этносаралық бірліктің маңызын және оны нығайтудағы Ассамблеяның рөліне  кеңірек тоқталды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қордай ауданында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының ресми ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Аталған бастама аудандағы қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтудың жаңа кезеңі. Ел бірлігі мен тұрақтылықты арттыру жолындағы маңызды қадам, - деді облыстық ҚХА төрағасы.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар