Орталық Азия елдері өңірдегі су мәселелерін шешудегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалады
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Тәжікстан Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоди Шоимзода Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы Орталық Азиядағы су мәселелерін бірлесіп шешуге серпін бергенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сарапшының пікірінше, өңір елдерінің бірлескен күш-жігері биылғы аптап ыстықтың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді.