Жаңалықтар

"Орысша интервью бермеймін. Орысша сұраққа қазақша жауап беремін" - Әбиба Әбужақынова

"Орысша интервью бермеймін. Орысша сұраққа қазақша жауап беремін" - Әбиба Әбужақынова

Тек медаль үшін ғана емес, мемлекеттік тіл үшін де күресіп жүрген, дзюдодан әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Әбиба Әбужақынова спорт журналисі Аслан Қаженовке берген сұхбатында, орысша сұраққа тек қазақ тілінде жауап беретінін айтты. «Орыс тілінде 50% сөйлей аламын. Бірақ, орысша сөйлегім келмейді. Таза қазақша сөйлегім келеді. Себебі көп қыздар орысша сұхбат береді ғой. Екі қазақ бір-бірімен орысша сөйлеседі. Қазір ол мода ма, білмеймін. Ал мен тек қазақша сөйлеймін. Орысша интервью бермеймін. Орысша сұраққа қазақша жауап беремін», - деді Әбиба Әбужақынова. Спортшы қыз кейбір сұхбаттарында, тіпті ағылшын тіліндегі сұрақтарға да қазақша жауап берген. Әрбір адамның осындай өз ұстанымы мен жанашырлығы болса, қазақ тіліне деген құрмет арта бермек!