сейсенбі, 1 қазан, 2024 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қос әкім халық ортасында

Қос әкім халық ортасында
ашық дереккөзі
Қос әкім халық ортасында
Қордай ауданының әкімі Бекзат Болатбеков Қордай ауылының әкімі Әділет Қаспақбаевпен бірге Қордайдағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, жәй-күйімен танысты. «Бауырхан» базарынан бастап орталық ауруханаға дейін жүріп өткен аудан әкімі тұрғындардың қолайлығы үшін жасалуы тиіс бірқатар мәселелерді атап өтті. Бегзат Болатбеков Төле би көшесінің тротуарын Жібек жолы көшесінен орталық ауруханаға дейін кеңейту керектігін жеткізді. Аудан басшысының айтуынша осы бөліктегі тротуар ені кемі үш метр болуы тиіс. Неге десеңіз, Төле би көшесінің осы бөлігі көп адам шоғырланатын үлкен сауда ортасына айналғандықтан, жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызуда. Сонымен қатар, Бегзат Болатбеков ауыл әкіміне жол жиегін абаттандырып, ыңғайлы авто тұрақтар жасауды ұсынды. Осыдан кейін аудан басшысы «Үсен ұлы» базарына кіріп, саудагерлерден азық-түлік және жеміс-жидек бағаларын сұрастырды. Белгілі болғандай, кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы бекітілген шекті мөлшерден асып кеткен. Мысалы, ұнның бағасы қымбаттаған. Аудан әкімінің ұн неліктен қымбат?, деген сұрағына саудагерлер өздеріне қымбат бағамен келетінін жеткізді. Осы ретте, Бегзат Болатбеков кәсіпкерлік бөліміне ұнның қай жерден келетінін, неліктен баға өскенін анықтауды тапсырды. Сондай-ақ, аудан әкімі базар әкімшілігіне сауда павильондарын көрікті етіп, заман талабына сай жасау керектігін және өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Аудан әкімі «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакциясына да кірді. Тілшілердің халін сұрап, редакция жағдайымен танысып, «көздің қарашығындай» сақталып тұрған көне газеттерді көрді. Бас редактормен сұхбат барысында редакцияға қажетті материалдық-техникалық жабдықтар мәселесі айтылды. Бегзат Сейсенқұлұлы қолдан келгенше көмегін аямайтынын жеткізіп, тілшілерге шығармашылық табыс тіледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар