Жаңалықтар
ОСК президенттікке үміткер неше адамның құжаты кері қайтарылғанын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 12 қазан, 2022
- 364
ОСК президенттікке үміткер неше адамның құжаты кері қайтарылғанын айтты
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ҚР Президенттігіне үміткер болуға ниет танытқан неше адамның құжаты кері қайтарылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, тек бір адамның құжаты ғана кері қайтарылған.
«Біз ұсыныс қабылдамаймыз, құжат қабылдаймыз. Құжат тапсырған 12 тұлға бар. Осы тұлғалардың бәрінің аты-жөнін жаңа ғана атап шықтым. Ал емтихан тапсырған 5 үміткер бар. Бүгін тағы 2 емтихан бар, түс қайта», - деген ОСК хатшысы.
«Орталық сайлау комиссиясына осы күнге дейін неше адамнан кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсыныс түсті? Ол ұсыныстың нешеуінен бас тартылды?»,-деп сұрады БАҚ өкілі ОСК-ның кезекті брифингісінде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз