Жаңалықтар

ОСК Тоқаевтың кандидатурасын талапқа сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады

ОСК Тоқаевтың кандидатурасын талапқа сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады

ҚР Орталық комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәйкестігі туралы ОСК хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберілгенін хабарлады. «Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 69 жыл бойы тұрады», -деді Мұхтар Ерман. Айтуынша, кандидат Қ. Тоқаевтың мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 43 жыл 1 ай. «Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсынған Республикалық қоғамдық бірлестіктердің Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттары бар», - деді ОСК хатшысы.