Жаңалықтар
Қостанай облысында бұрын істі болған 39 адам мемқызметте жүр
- авторjambylinfo.kz
- 30 маусым, 2022
- 192
Қостанай облысында бұрын істі болған 39 адам мемқызметте жүр
🔹 Қостанай облысында мемлекеттік қызметшілер арасында бұрын істі болған 39 адам жұмыс істеп жүр. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облысы бойынша департаменті мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Жамбыл инфо.
Департаменттің түсіндіруінше, заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған, бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамдар үшін саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға өмір бойына шектеу белгіленген.
«Мемлекеттік қызметке кіру үшін уақытша шектеулер мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға белгіленген. Қостанай облысында саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істейтін 39 адам мемлекеттік қызметке түскенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған», — деп түсіндірді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінде.
Яғни, осы 39 тұлғаға заңнамаға сәйкес шектеу қолданылмайды.
Дереккөз: ulysmedia сайтынан
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала