жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанай облысында балалар мінген шағын автобус түгі қалмай жанып кетті

Қостанай облысында балалар мінген шағын автобус түгі қалмай жанып кетті
ашық дереккөзі
Қостанай облысында балалар мінген шағын автобус түгі қалмай жанып кетті
"Арқалық-Торғай" тас жолында балалар мінген "Газ 322131-288" маркалы автокөлігі өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін сағат 09:09-да Мирное ауылынан 15 км қашықтықта болған. "IQanat" олимпиадасына қатысу үшін оқытушылар 90 баланы төрт көлікпен алып бара жатқаны белгілі болды.
“Жүргізуші мен оқытушылардың үйлесімді және дұрыс әрекеттерінің арқасында 12 оқушы, 1 жүргізуші, 1 оқытушы жанып жатқан Газельден эвакуацияланды және қалған 3 көлікке көшіп, колонна құрамында жүруді жалғастырды”, – делінген хабарламада.
Өрт 10 сағат 25 минутта ауыздықталған. Мамандардың айтуынша, өртке автомобильдің электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар