Жаңалықтар

Қостанай облысында балалар мінген шағын автобус түгі қалмай жанып кетті

Қостанай облысында балалар мінген шағын автобус түгі қалмай жанып кетті

"Арқалық-Торғай" тас жолында балалар мінген "Газ 322131-288" маркалы автокөлігі өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін сағат 09:09-да Мирное ауылынан 15 км қашықтықта болған. "IQanat" олимпиадасына қатысу үшін оқытушылар 90 баланы төрт көлікпен алып бара жатқаны белгілі болды.

Өрт 10 сағат 25 минутта ауыздықталған. Мамандардың айтуынша, өртке автомобильдің электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.