Қостанай облысында есірткіні орманда жасырған әйел ұсталды

Ұсталған әйелдің тұрақты жұмыс орны болмаған және есірткіге тәуелді екені анықталды.
Қостанай облысында полиция Қостанай-Садовое тас жолының бірінші шақырымындағы демалыс аймағында аса ірі мөлшерде есірткі жасырған 27 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.