Жаңалықтар

Қостанай облысында су тасқынынан қорғану үшін ерекше бөгет орнатылды

The final spritzer

«ҚазАвтоЖол» компаниясы су тасқынына қарсы шара ретінде екі жол учаскесіне арнайы су толтырылатын бөгет қойылғанын мәлімдеді

Қорғаныс құрылымдары «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» тас жолының 211-шақырымында және «СҚО шекарасы–Сарыкөл–Қостанай» автожолының 689–690-шақырым аралығында орнатылған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл бөгеттің ұзындығы – 25 метр, биіктігі – 1,5 метр. Ол берік материалдан жасалып, ішіне су құйылады, осылайша тасқын судың таралуына тосқауыл қояды.

Су тасқыны қаупі сейілген соң бөгеттің ішіндегі су немесе ауа шығарылып, құрылым жинақталып, қоймаға жіберіледі.