Жаңалықтар
Қостанай облысында субсидияға бөлінген 161 млн теңгені жымқырғандар қамауға алынды
- авторjambylinfo.kz
- 25 тамыз, 2022
- 188
Қостанай облысында субсидияға бөлінген 161 млн теңгені жымқырғандар қамауға алынды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды ұрлау фактісін анықтады.
Агенттіктің хабарлауынша, «Шығыс Запад» ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрлық нысанасына айналды: тұлғалар фермерлермен өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырды, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп, айырмасы ұрланған. Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды және сот залында қамауға алынды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Келер жыл басынан АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- 15 қаңтар, 2025