Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 7 адамға көмек көрсетті

Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалған үш жеңіл автокөліктің жолаушыларына жедел көмек көрсетті
Оқиға Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде орын алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көліктер қарға батып, қозғала алмай қалған кезде, ішінде 7 адам, соның ішінде бір бала болған. Құтқарушылар дереу әрекет етіп, көліктерді жолдың тазартылған бөлігіне шығарды. Абырой болғанда, жүргізушілер мен жолаушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы қолайсыз кезде елді мекендерден алысқа сапарға шықпауға кеңес береді.
Бақытжан Бекболат