Жаңалықтар
Қостанай облысындағы орман өртінен ауыл-аймаққа қауіп жоқ - ТЖМ
- авторjambylinfo.kz
- 6 қыркүйек, 2022
- 182
Қостанай облысындағы орман өртінен ауыл-аймаққа қауіп жоқ - ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі Қотснай облысындағы дала өртіне қатысты бүгінгі 08.00-дегі соңғы мәліметті жариялады.
«Елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) күзет ұйымдастырылды. Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалы күшейді. Сағат 7:30 бастап өрт аумағын әуеден бақылап жатыр» делінген ТЖМ мәліметінде.Айта кетейік, өрттен барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85 - Аманқарағай ауылында және 6 - Озерный ауылында. Өрт сөндіруге 224 техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 2193 адам жұмылдырылды. 11 адам жарақат алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты. 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы - 107 257 га. ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді, ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды. ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түскен. Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. 57 адамға консультативтік көмек көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала